"КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ соңғы үш жылға ауылдарда шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру 1,8 есе артқаны туралы хабарлады

14.02.18 15:11
/KASE, 14 .02.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына төмендегі ақпараттық хабарламаны ұсынды: цитата басы 2018 жылы 34 млрд.теңге сомасына шағын несие беру жоспарлануда. Осы мақсатқа «ҚазАгро» Холдингінің құрамындағы қаржы-несиелік ұйымы Қаржылай қолдау Қоры арқылы өнімдер желісі экспортқа бағытталған келісімдері бар шаруашылықтарға ірі және ұсақ аналық мал басын сатып алуды қарастыратын несиелеу бағдарламаларымен толықтырылу жоспарлануда. Қаржыландыру үшін қажетті құжаттар пакетін оңтайландыру мақсатында e- gov.kz мәліметтер базасымен интеграцияны жүргізу жоспарланған. 2017 жылы Қор арқылы ауыл кәсіпкерлігін қаржыландыруға 50 млрд.теңге бағытталды. Сондай ақ, несиелеу көлемі 2015 жылы 27,3 млрд теңге болатын болса, 2016 жылы – 34,9 млрд теңге, ал 2017 жылы берілген несиелер көлемі 49,9 млрд теңгеге жетті. Өткен жылы Қор 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысты. Несиелеу келесі негізгі бағдарламалар бойынша жүргізілді: отбасылық тауарлы сүт фермаларын құру және дамыту бойынша «Ырыс» бағдарламасы; малды бордақылауға арналған «Береке» бағдарламасы; ауылшаруашылық мал мен құстарды көбейту бойынша «Игілік» бағдарламасы; ет, сүт және жеміс-көкөніс бағыттарында сервистік-дайындау ұйымдарын қаржыландыру бойынша «Ынтымақ» бағдарламасы; отбасылық қарқынды алма бақтарын құруға арналған бағдарлама цитата соңы Ақпараттық хабарламаның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_140218_kz.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2018-02-14]