KASE Директорлар кеңесі мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлады

14.02.18 15:02
/KASE, 14.02.18/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE немесе Биржа) Директорлар кеңесі 2018 жылдың 08 ақпанындағы келесі мәміле жасау жөнінде шешім қабылдағаны туралы хабарлайды. Биржаға мүдделі тұлғамен мәміле жасауға, атап айтқанда "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығымен" (Биржамен айрықша қарым-қатынаста байланысты тұлғамен) аталмыш келісім-шарттағы айтарлықтай өзгерістері қарастыратын, 2017 жылдың 28 наурызындағы № 108/ЦОД үй- жайларды жалға алуды сатып алу қызметі туралы № 1 келісім-шартына қосымша келісім жасауға рұқсат етілсін: 1)1.6 тармағындағы " 2017 жылдың 31 желтоқсаны" белгілері "2018 жылдың 28 ақпаны" белгілеріне ауыстырылсын; 2)2.1 тармағындағы "2 387 693,28 (екі миллион үш жүз сексен жеті мың алты жүз тоқсан үш) теңге 28 тиын" белгілері "2 785 642 (екі миллион жеті жүз сексен бес мың алты жүз қырық екі) теңге 16 тиын" белгілерімен ауыстырылсын. 2.Биржаға мүдделі тұлғамен мәміле жасауға, атап айтқанда "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығымен" (Биржамен айрықша қарым-қатынаста байланысты тұлғамен) келесі негізгі шарттармен, үй-жайды жалға алу қызметін сатып алу келісімін жасауға рұқсат етілсін: 1)қызметтер – "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы" АҚ әкімшілік ғимаратындағы үй- жайларға уақытша ие болу және пайдалануға (жалға алу) беруге, сондай-ақ жалға алатын үй-жайларды ұстауға; 2)жалға алатын үй -жайлар – Қазақстан Республикасы, Алматы қ, Айтеке би көшесі, 67 үй мекен-жайында орналасқан "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы" АҚ әкімшілік ғимараты, көлемі 158,1 ш. м: 3)келісім-шарттың жалпы сомасы – 2 290 051,12 теңге; 4)жалға алу мерзімі – 2018 жылдың 01 наурызынан 2018 жылдың 31 желтоқсаны. 3.Биржаға мүдделі тұлғамен мәміле жасауға, атап айтқанда "eTrade.kz" ЖШС (Биржамен айрықша қарым-қатынастағы тұлғамен байланысты үлестес тұлға) келесі шарттармен үй-жайларды жалға алу қызметін сатып алу туралы келісім-шарт жасауға рұқсат берілсін: 1)қызметтер – Жалға берушінің әкімшілік ғимаратындағы үй-жайды барлық техникалық ерекшеліктер талаптарына сәйкес уақытша ие болуға және пайдалануға (жалға алу) беру (осы түсініктеме жазбаға қосымша); 2)келісім-шарттың жалпы сомасы – 540 979,20 теңге, оның ішінде: үй-жайды жалға алу – 480 000 теңге; үй-жайды жинау қызметін және күзет қызметі ақысын қайтару – 60 979,20 теңге; 3)жалға беру мерзімі – 2018 жылдың 03 қаңтарынан бастап 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін. [2018-02-14]