14 ақпанда KASE 2017 жылдың қоорытындысы бойынша Биржаның ерекшеленген мүшелерін, листингілік компаниялары және БАҚ өкілдерін марапаттау рәсімін өткізеді

13.02.18 15:24
/KASE, 13.02.17/ – 2018 жылдың 14 апанында Қазақстан қор биржасы (Биржа немесе KASE) 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының қор нарығын дамытуға үлес қосқан Биржаның белсенді мүшелерін, бағалы қағаздар нарығында өзі және өзінің қызметі туралы ақпарат ашуға қатысты іскерлік үлгі көрсеткен листингілік компания мүшелерін және биржалық нарықтың қызметін кәсіби түрде жариялаған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін марапаттау рәсімі өтетіні туралы хабарлады. Аталмыш іс-шара алматы уақытымен сағат 16:50 – де басталады, мекен- жайы: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" КСК Солтүстік ғимараты, 1-ші қабат, KASE жаңа пресс-рум. Өткен жылдардағы KASE номинациясы дипломанттарымен Биржаның интернет-сайтында http://kase.kz/ru/members_diplomas/ (KASE мүшелері) және http://kase.kz/ru/issuers_diplomas/ (листингілік компаниялар) танысуға болады. "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерін жыл сайын марапаттау Ережесі http://kase.kz/files/normative_base/rules_annual_reward.pdf мекен-жайында танысуға болады. Листингілік компанияларды жыл сайын марапаттау туралы Ереже http://www.kase.kz/files/normative_base/issuers_diplom.pdf мекен-жайында жарияланған. [2018-02-13]