KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлады

26.10.17 17:31
/KASE, 26.10.17/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE немесе Биржа) өзінің мүддесі бар, сондай-ақ Биржамен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен, атап айтқанда "Казкоммерц Секьюритиз" ("Казкоммерцбанк" АҚ Еншілес ұйымы) ақпараттық өнімдерін ұсыну жөнінде мәміле жасасқаны туралы хабарлайды. Аталмыш келісім тараптар қол қойған күннен бастап (2017 жылдың 24 қазаны) күшіне енеді және өзінің 2017 жылдың 01 қазанында басталған өзара қарым-қатынасқа іс-әрекетін таратады. Толығырақ ақпарат http://www.kase.kz/files/for_shareholders/kase_party_transactions_171024.pdf мекен-жайында жарияланған. [2017-10-26]