31 қаңтардан бастап KZ1P54500114 (KZ1P00001119, ASYLp) артықшылықты акциялары олардың KZ1C54500018 (KZ1C00001106, ASYL) жай акцияларынf айырбасталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

31.01.18 10:23
/KASE, 31.01.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы, әрі қарай – компания) KZ1P54500114 (KZ1P00001119, KASE балама сауда-саттық алаңы, "акциялар" секторы, ASYLp) артықшылықты акциялары KZ1C54500018 (KZ1C00001106, KASE балама сауда-саттық алаңы, "акциялар" секторы, ASYL) жай акцияларына айырбасталғанына байланысты, KASE ресми тізімінен шығарылды. KASE компаниядан келесі құжаттарды алды: - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде 2018 жылдың 22 қаңтарында тіркелген акциялардың шығарылымына өзгертулер мен толықтырулар,– http://www.kase.kz/files/emitters/ASYL/asylf9_izm_220118.pdf - 2018 жылдың 22 қаңтарындағы бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесіне сәйкес компанияның жарияланған акцияларының саны KZ1C54500018 2 000 000 000 жай акцияны құрады; - 2018 жылдың 30 қаңтарындағы компанияның 2018 жылдың 29 қаңтарында артықшылықты акцияларын жай акцияларына айырбастау рәсімін аяқтау туралы хаты. Бұл шешім "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ биржаға ұсынған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2018 жылдың 30 қаңтарындағы операцияларды есепке алу жүйесінде орналастырылған артықшылықты акцияларды жай акцияларына айырбастау туралы жазба енгізу жөнінде хатын жолдады. Жоғарыда аталған негізінде және "Листингілік қағидалар" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 3 тарауы 6) тармағы 3) тармақшасына сәйкес компанияның артықшылықты акциялары делистингілеуге жіберілді. Артықшылықты акциялар 2015 жылдың 17 сәуірінен бастап, KASE ресми тізімінің екінші санатына енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE балама алаңының "акциялар" секторында орналасқан. Олардың сауда-саттығы 2015 жылдың 05 маусымынан бастап ашылды. [2018-01-31]