"Joint Resources" АҚ KZ1C60620016 (KZ1C00001510, JRES) жай акциялары 30 қаңтардан бастап KASE ресми тізімінің KASE альтернативі сауда-саттық алаңының "акциялар" санатына енгізілді

30.01.18 10:40
/KASE, 30.01.18/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2018 жылдың 25 қаңтарындағы шешімімен "Joint Resources" АҚ (Алматы) KZ1C60620016 (ISIN – KZ1C00001510) жай акциялары KASE ресми тізімінің альтернативті сауда- саттық алаңының "акциялар" санаты бойынша енгізілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2018 жылдың 30 қаңтарынан бастап, эмитенттің Листингілік ережелерінің 5 тарауының 1 тармағының 2.2 қосымшасында анықталған шарттарды орындауына байланысты, күшіне енгізілді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "Joint Resources" АҚ қаржылық кеңесшісі "SkyBridge Invest" (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше JRES қысқартылған белгілері (сауда- саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/issuers/JRES/ мекен-жайында танысуға болады. [2018-01-30]