"КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражатынан 60,0 млрд теңге көлемінде облигацияларын сатып алу жөніндегі ақпаратқа түсініктеме берді

25.01.18 11:05
/KASE, 25.01.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына төмендегі ақпараттық хабарламаны ұсынды: цитата басы «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен 60 млрд.теңге сомасында облигация сатып алуы туралы ақпарат қоғамда және БАҚ-та қызу талқыға салынды. Осыған байланысты Холдинг аталған сұрақ бойынша қажетті мәліметті беру қажеттігін көздеді. Қазақстанда көп уақыттан бері экономикалық өсудің іргелілік көздерімен қамтамасыз ету проблемасы бар, соның бірі ұзақ мерзімді өтімділікті ұсыну болып табылады. Бүгінгі күні қаржыландару көздері Ұлттық қор, Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры /МЗЖҚ/ және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты екендігі мәлім. «ҚазАгро» Холдингі ауылшаруашылық тауар өндіушілеріне теңгемен қарыз беретінін атап өткен жөн. Агроөнеркәсіп кешенінің ұзақ мерзімді теңгелік қаржы ресурстарына деген елеулі қажеттілігін ескере, МЗЖҚ Қазақстанда ірі инвесторлардың бірі болуы мүмкін. Қазіргі уақытта агросалаға мемлекеттік компаниялар арқылы инвестициялау ең оңтайлы түрі болып табылады: 1) нарық шарттарына сәйкес қарыз алу /осы жағдайда жылдық 11 пайызбен/ инвесторға табыс әкеледі /МЗЖҚ/; 2) қазақстандық экономикаға пайдасын тигізіп, саланың дамуына үлесін қосады; 3) қаржы қорғалған: эмитент мемлекет бақылауында. «ҚазАгро» Холдингінің сыртқы рейтингі Fitch (BBB-) и Standard and Poors (BB-) агенттіктеріне сәйкес, бұл Холдингтің төлем қабілеттілігінің сенімді деңгейін көрсетеді. «ҚазАгро» Холдингі МЗЖҚ қаржысын инвестициялау үшін ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банк тарапынан эмитенттерге қойылатын талаптарға сай. Демек, Холдингтің сыртқы рейтингі мен несиелік сенімділігін ескере, тартылған қаржы айтарлықтай консерваторлық инфрақұрылым мен талаптарға инвестицияланған. цитата соңы Ақпараттық хабарламаның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_250118_kz.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2018-01-25]