"Кристалл Менеджмент" АҚ KZ1C60510019 (KZ1C00001486, CRMG) жай акциялары 19 қаңтардан бастап KASE ресми тізімінің KASE альтернативі сауда-саттық алаңының "акциялар" санатына енгізілді

19.01.18 16:25
/KASE, 19.01.18/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 27 желтоқсанындағы шешімімен "Кристалл Менеджмент" АҚ (Алматы) KZ1C60510019 (ISIN – KZ1C00001486) жай акциялары KASE ресми тізімінің альтернативті сауда- саттық алаңының "акциялар" санаты бойынша енгізілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2018 жылдың 19 қаңтарынан бастап, эмитенттің Листингілік ережелерінің 5 тарауының 1 тармағының 2.2 қосымшасында анықталған шарттарды орындауына байланысты, күшіне енгізілді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "Кристалл Менеджмент" АҚ қаржылық кеңесшісі "SkyBridge Invest" (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше CRMG қысқартылған белгілері (сауда- саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/issuers/CRMG мекен-жайында танысуға болады. [2018-01-19]