"Tengri Bank" АҚ "қор" санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылданды

18.01.18 12:52
/KASE, 18.01.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 17 қаңтарындағы шешімімен "Tengri Bank" АҚ (Алматы) "қор" санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылданды. Осы санат бойынша мүшелік, Биржада айналыста жүрген (саудаланатын), бағалы қағаздардың KASE сауда-саттықтарына қатысуға құқық береді. [2018-01-18]