KASE Директорлар кеңесі, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, ұйымдардың өтімді емес борыштық бағалы қағаздардың құнын әділетті есептеу үшін 2018 жылдың бірінші тоқсанына дисконттау мөлшерлемесін белгіледі

18.01.18 11:41
/KASE, 18.01.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 12 қазанындағы шешімімен, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, ұйымдардың өтімді емес борыштық бағалы қағаздардың құнын әділетті есептеу үшін 2018 жылдың бірінші тоқсанына келесідей дисконттау мөлшерлемелерді белгіледі. - негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты үшін – жылдық 10,07%; - альтернативтік сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты үшін – жылдық 12,19 %; - негізгі сауда-саттық алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты үшін – жылдық 11,70 %. Директорлар кеңесі буферлік санаттағы өтімді емес борыштық бағалы қағаздардың әділ құнын анықтау үшін осы тоқсанның алдындағы он екі айдың қорытындысы бойынша өкілетті іріктелімнің жоқ болуына байланысты дисконттау мөлшерлемесін анықтамау туралы шешім қабылдады. Аталмыш дисконттау мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2014 жылдың 26 ақпанындағы № 24 Ережелермен (Ережелер) бекітілген жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қоржынында орналасқан қаржы құралдарын бағалау ережесіне сәйкес анықталатынын ескертеміз. Ереженің 17 тармағына сәйкес Биржа апта сайын Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған және Биржаның ресми тізіміне енгізілген, өтімді емес борыштық бағалы қағаздарының әділ құны туралы мәліметті өзінің интернет-сайтында жариялауы тиіс. Сонымен қатар, аталмыш қағаздар дегеніміз нарықтық бағасы (кірістілігі) Биржаның ішкі құжаты Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне сәйкес есептелмейтін бағалы қағаздар болып табылады. Ереженің 16 тармағына сәйкес аталмыш бағалы қағаздардың әділ құны Биржаның ішкі құжаты Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне сәйкес анықталады, сонымен қатар, кірістілігі ретінде дисконттау мөлшерлемесі қолданылады. Аталмыш қағаздар бойынша дисконттау мөлшерлемесін Биржалық кеңестің шешімімен тоқсанынан бір рет қор биржасының ресми тізімі секторының "борыштық бағалы қағаздар" санаты (санатшасы) үшін анықталады. Егер Биржалық кеңес есептік кезеңде дисконттау мөлшерлемесін өтімді емес борыштық бағалы қағаздардың әділ құнын есептеу мақсатында бекітпеген болса, онда Биржа Биржалық кеңестің алдыңғы есептік тоқсандағы он екі айда бекіткен дисконттау мөлшерлемесін пайдалануы тиіс. [2018-01-18]