"Kazakhmys Copper" АҚ (Қазақмыс Коппер) KZ1С60570015 (KZ1С00001478, EXPA) жай акциялары 16 қаңтардан бастап KASE ресми тізіміне альтернативті сауда-саттық алаңының "акциялар" секторына енгізілді

16.01.18 18:01
/KASE, 17.01.18/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 27 желтоқсанындағы шешімімен, "Kazakhmys Copper" АҚ (Қазақмыс Коппер) (Алматы) KZ1C60420011 (ISIN – KZ1C00001379) жай акциялары KASE ресми тізіміне альтернативалық сауда-саттық алаңының "акциялар" санаты бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2018 жылдың 16 қаңтарынан бастап, аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатына 2.2 қосымшасының 5 тарауының 1 тармағының талабын орындауына байланысты, өз күшіне енді. Аталмыш акциялардың KASE сауда-саттықтарын ашу туралы қосымша жарияланады. "Kazakhmys Copper" АҚ (Қазақмыс Коппер) қаржылық кеңесшісі "SkyBridge Invest" (Алматы) болып табылады. Осы акцияларға KMCP қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы Акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет- сайтында жарияланған – http://kase.kz/ru/issuers/KMCP/ [2018-01-17]