"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

15.01.18 12:35
/KASE, 15.01.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C48830018 жай акцияларының жалпы саны 502 040 458 дана; - компанияның 496 157 572 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ болып табылады. [2018-01-15]