"Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

09.01.18 11:00
/KASE, 09.01.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C56950013 жай акцияларының жалпы саны 50 000 000 дана; - компанияның 36 951 133 жай акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан әрқайсысы бес және одан аса көлемдегі санына иеленген тұлғалар болып табылады: ------------------------------------------------------------------------------- Компанияның орналастырылған осы атаудағы Жай акциялар, акциялардың жалпы Атауы дана санындағы үлесі, % ------------------------------------------ ---------------- ------------------- "Орта-Азиялық отын-энергетика компаниясы" АҚ 22 042 680 59,65 ЕУРОПАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ (Лондон, Ұлыбритания Біріккен Корольдігі) 8 352 201 22,60 KAZ HOLDINGS COOPERATIEF U.A. (Амстердам, Нидерландылар Корольдігі) 3 877 825 10,49 ------------------------------------------------------------------------------- [2018-01-09]