"Altyntau Kokshetau" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

08.01.18 10:55
/KASE, 08.01.18/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Altyntau Kokshetau" АҚ ("Altyntau Kokshetau" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C60290018 жай акцияларының жалпы саны 400 000 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "КАЗЦИНК" ЖШС болып табылады, оның меншігінде 399 600 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,90%) бар. [2018-01-08]