"КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Ақмола облысында тікелей инвестициялық жобаларды Қазақ Венгер қоры қаржыландырғаны туралы хабарлады

04.01.18 16:30
/KASE, 04.01.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына төмендегі туралы хабарлады: цитата соңы 2018 жыл Қазақстанның АӨК өндіріске нақты инвестиция салудан басталды. Тікелей инвестициялардың Қазақстан-Венгрия қоры Ақмола облысындағы сүт-тауарлы ферманы 10,4 млн. АҚШ долларына қаржыландырды. Қор «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингімен HungarianExport-ImportBank (Венгрияның Эксимбанкі) бірлесіп құрылғанын еске саламыз. Оның мақсатты міндеті Қазақстан аумағындағы ауылшаруашылық жобаларын қаржыландыру. Инвестицияланған 10,4 млн. доллар жұмыс істеп тұрған қуаттылығы 1500 сиырға арналған ферманы толық жаңартуға және 1500 сиырға арналған жаңа сүт-тауарлы өндірісті салуға бағытталатын болады. Осылайша, өнімділігі жоғары ірі қара малды 580 бастан 3000 басқа дейін ұлғайту жоспарланады. Жобаны инвестициялауға қазақстан және венгрия тарапынан қаражат тартылған, соның ішінде Венгрияның экспорттық- импорттық банкі 4,66 млн. АҚШ доллары көлеміндегі соманы инвестициялауға бағыттады, осындай соманы «ҚазАгро» холдингі қаржыландырды. Қосымша жобаны инвестициялауға Қордың басқарушы компаниясы ADM Capital 94, 2 мың АҚШ долларын бағыттады және қазақстандық инвестор жемшөп түріндегі 1 млн. АҚШ долларын салды. цитата соңы Ақпараттық хабарламаның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_040118_kz.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2018-01-04]