/ҚАҢТАР/ 03 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ ӨЗІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-САЙТЫНЫҢ ЖАҢА НҰСҚАСЫН ІСКЕ ҚОСАДЫ

29.12.17 12:28
/KASE, 29.12.17, 28.12.17 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2018 жылдың 03 қаңтарынан бастап өзінің ресми интернет-сайтының www.kase.kz жаңа бета-версиясын іске қоспақшы. Сайтың аталмыш нұсқасы 2016 жылдың 12 желтоқсанынан бастап http://beta.kase.kz бұқаралық бета-версия ретінде тестілеуден өтті. Биржаның жаңа сайты пайдалануға неғұрлым қолайлы әрі жылдам болды. Оның негізгі ерекшеліктері мен жетістіктері ретінде жаңа дизайны мен қолайлы интерфейсі, негізгі бөлігі нақты уақыт режимінде қалыптасатын, күнделікті мәліметтердің ағынымен ерекшеленетін жоғары ақпараттылығын, Биржаның мәліметтер базасымен өзара тез әрекет етуін атап айтуға болады. Сайтты ашқан кезде стационарлық компьютерде немесе ноутбукте, сондай-ақ мобильдік құрылғыларда да тиімді пайдалануға болатын адаптивтік беттелу технологиясы пайдаланылды. Жаңа интернет-сайттың Контенті нақты санат пайдаланушылардың сұранымына бейімделген, осы мақсатта KASE сайтының түрлі топтағы пайдаланушыларына бағытталған, жаңа мақсатты парақшаларды іске қосу – лендинг (ағылшын тілінен landing page), жүзеге асырылды: 1) компанияларға – болашақ және жұмыс істейтін листингілук компанияларға арналған тақырыптарға бөлінетін ақпараттар, бағалы қағаздар эмитенттеріне, сондай-ақ бейлистингілік сектор ерекшеліктеріне; 2) инвесторларға – жеке, шет елдік, институционалдық; 3) брокер-дилерлерге – оқшау және шет елдік, оның ішінде KASE мүшелеріне; 4) биржалық ақпарат пайдаланушыларға – биржалық ақпаратты таратушыларға (вендорларға) және соңғы жазылушыларға. KASE жаңа мақсатты парақшаларының көмегімен өз қызметін клиенттер мен серіктестер үшін ашық әрі түсінікті жасауға тырысуда. Лендингтерде ең пайдалы және релевантты ақпарат түсінікті әрі қысқа баяндалған. KASE жаңа интернет-сайтының ерекшелігі KASE және TradingView Inc арасында бірлесе брендинг жасау туралы келісімге сәйкес қаржы әлемінде танымал сервис (кітапхана) TradingView биржалық кестесін пайдалану болып табылады – https://ru.tradingview.com/. TradingView Сервисі ағымдық жағдайға талдау жасау және көру үшін құралдардың кең жиынтығына ие болып табылады, KASE сауда-саттығына қол жетімді қаржы құралдарының баға өзгерістерін бақылайды, сондай-ақ болжам жасау және нарық конъюнктурасын қадағалауға м.мкіндік береді Биржасның корпоративтік интернет-сайты бұрынғадай Қазақстанның қор нарығы туралы ақпарат көзі қызметін атқара отырып, Биржаның қызметі, оның мүшелері, листингілік компаниялар және қаржы құралдары туралы KASE клиенттеріне бағытталу және оның қызметін арттыру құралдарының бірі болып қала береді. Биржаның жаңа сайты бұрынғыдай, орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Біраз уақыт бойы В KASE өзінің бұрынғы интернет-сайтының нұсқасында жұмыс істейді, ол мына мекен-жайда http://old.kase.kz орналасқан. KASE жаңа сайттың жұмысы бойынша ескертулер мен ұсыныстар болса барлық тұтынушыларға web@kase.kz мекен-жайына жіберулеріңізді сұрайды. [2017-12-29]