KASE 2017 жылдың 27 желтоқсанынан бастап "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ KZP01Y05E368 (KZ2C00001907, AZHKb1) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE_BM* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

27.12.17 11:35
/KASE, 27.12.17/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2017 жылдың 25 желтоқсанынан бастап "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ KZP01Y05E368 (KZ2C00001907, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, AZHKb1; 1 000тенге, 20,83 млрд тенге; 27.12.12 – 27.12.17, жылдық 8,50 % жарты жылдық купон 30/360) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, KASE_B* индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады. 2017 жылдың 27 желтоқсанынан бастап KASE_BМ* индексінің өкілеттік тізімі 52 атаудағы облигациядан тұрады. KASE_ BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BМC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2017-12-27]