"Казкоммерцбанк" АҚ 2017 жылға KZ1P00400211 (KZ0005416453, KKGBp) артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеуді көздеп отырғаны туралы хабарлады

22.12.17 18:37
/KASE, 25.12.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE) төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Казкоммерцбанк" Акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Банк") 2017 жылғы "20" желтоқсанда өткен Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешіміне және Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 24-бабының 3-тармағына сәйкес, акционерлерге артықшылықты акциялар бойынша дивидендтердің төленуі жөнінде хабарлайды: 1) қоғамның атауы - "Казкоммерцбанк" Акционерлік Қоғамы (бұдан әрі – Банк); орналасқан жері - Қазақстан Республикасы, А15Е4D4, Алматы қ., Гагарин даңғ., 135 "ж"; Банктің банктік және басқа деректемелері - БСК KZKOKZKX, БСН 911040000021, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» ММ-дегі ЖСК KZ75125KZT1001300335, БСК NBRKKZKX; резиденттік белгісі - 1; экономика секторы - 4; 2) дивидендтер төленетін кезең – күнтізбелік 2017 жыл; 3) Банктің бір артықшылықты акцияға есептелген дивиденд мөлшері - Банк Акцияларын шығару Проспектіне сәйкес дивиденд мөлшері белгіленген болып табылады, теңгемен көрсетіледі және бір артықшылықты акцияға келесі формула бойынша есептеледі: 0.04 х Банктің дивидендтер төленетін күнге сәйкес есептік бағамы. "Банктің есептік бағамы деген ұғым Банктегі есептік бағам белгіленетін күннің алдындағы жұмыс күні Қазақстан қор биржасының таңғы (негізгі) сессиясында құрылған теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамын білдіреді; 4) дивидендтерді төлеу басталатын күн - 2017 жылғы "25" желтоқсан, Банктің артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар Акционерлердің тізімі құрылатын күн - 2017 жылғы "20" желтоқсан; 5) дивидендтерді төлеу тәртібі және нысаны - ақшаны акционерлердің - Банктің артықшылықты акцияларын ұстаушылардың банктік шоттарына ақшалай нысанда қолма-қол ақшасыз тәсілмен есепке аудару арқылы. Байланыс үшін: Алма Буйракулова , Қаржы институттары және халықаралық қатынастар басқармасы Тел.: +7 (727) 258-51-25, E-mail: investor_relations@kkb.kz Лариса Коковинец, Маркетинг және PR департаментінің директоры Тел.: +7 (727) 258-54-56, 258-53-92, E-mail: pr@kkb.kz цитата соңы [2017-12-25]