KASE TELEGRAM ҚОСЫМШАСЫНДА БИРЖАЛЫҚ НАРЫҚТЫҢ ИНДИКАТОРЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ҚОСТЫ

22.11.17 12:17
/KASE, 22.11.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Telegram – @KASEInfoBot. қосымшасында ресми ақпараттық арнасында Telegram – @KASEInfoBot – биржалық нарықтың мәні туралы ақпаратпен толықтырылғаны туралы хабарлайды. Индикаторларға бүгін (rt – нақты уақыт режиміндегі индикаторлар жарияланады, қалғаны – күннің қорытындысы бойынша) жатады: - акциялар нарығында – Индекс KASE (rt), акциялар нарығын капитализациялау, акциялармен мәміле көлемі; - корпоративтік облигациялар нарығында – KASE_BMC және KASE_BAC баға индекстері, KASE_BMY и KASE_BAY кірістілік индикаторлары, корпоративтік борыш нарығындағы айналым көлемі, корпоративтік облигациялармен мәміле көлемі; - МБҚ нарығында – мемлекеттік борыш нарығынждағы айналым көлемі, МБҚ мәміле көлемі; - Қаржы нарығында – MM Index, TONIA (rt), TWINA (rt), SWAP-1D (rt), SWAP-2D (rt), KazPrime-3M. Жаңа сервиске рұқсат алу үшін ақпараттық арна пайдаланушыларына экран нүктелері арқылы басты мәзірдің жоғарғы бұрышына көтеріліп, индикаторлар мәзірін табады. Сонымен, арнаға @KASEInfoBot қазіргі уақытта жазылған қолданушы арнада Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық барысы, шет елдік валюталар мен бағалы қағаздармен сауда-саттық туралы жедел ақпарат, сондай-ақ KASE есептелген индикаторлар мәні туралы ықшам форматта мәліметтер алып отырады. Арна үнемі даму үстінде, таяуда Қазақстан қор биржасындағы бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру туралы бөлім, дивидендтер және басқа мәліметтер туралы бөлім болмақшы. Сервис орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде ұсынылады. Болашақта ақылы нұсқасы болуы да мүмкін. KASE барлық ниет білдірушілерді @KASEInfoBot. ақпараттық арнасына қосылуға шақырады. * * * Қазақстан қор биржасында шет ел валютасы бағамы туралы ақпарат алу үшін қолданушы бір түймені басу арқылы @KASEInfoBot сұраным жібереді, аз уақыт ішінде ол Қазақстан қор биржасындағы таңдалған валюта бойынша соңғы мәміленің бағасы туралы және соңғы орташа сараланған бағам туралы ақпарат алады. @KASEInfoBot артықшылығының бірі қолданушыға қолайлы мерзімдехабарламаны алу уақытын көрсете алады, ол таңдалған ақпаратты көрсетілген уақытында қолданушының смартфон немесе компьютеріне алуына мүмкіндік береді. Қазақстан қор биржасы арнасына қосылу үшін Telegram жазбасында @KASEInfoBot енгізу қажет, одан кейін "Start Bot" түймесін басады. Қолданушылар өздерінің ескертулері мен тілектерін арнайы құылған қолдау тобында https://t.me/kasebotsupport. мекен-жайында қалдыра алады. Telegram доступен для свободного скачивания в IOS үшін Appstore, Android үшін Playmarket –тен еркін көшіруге болады. Telegram ресми интернет- сайтында бағдарламаның үстелдегі нұсқасын Windows, MacOS немесе интернет-браузеріне көшіруге мүмкіндік бар. [2017-11-22]