"АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ басқаруындағы "ӨРКЕН" ЖЗИҚ KZPFN0043054 (KZPF00000066, ASYL_or) пайлары KASE аралас сауда-саттық алаңының "Инвестициялық қордың бағалы қағаздары" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

19.07.17 17:13
/KASE, 19.07.17/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 19 шілдесіндегі шешімімен "АСЫЛ- ИНВЕСТ" АҚ басқаруындағы "ӨРКЕН" ЖЗИҚ KZPFN0043054 (ISIN – KZPF00000066) пайлары KASE аралас сауда-саттық алаңының "Инвестициялық қордың бағалы қағаздары" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. "ӨРКЕН" ЖЗИҚ басқарушы компаниясы "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) болып табылады. "ӨРКЕН" ЖЗИҚ 2017 жылдың 22 маусымына таза активтерінің құны - 534,6 млн теңге. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "ӨРКЕН" ЖЗИҚ кастодианы " Қазақстанның халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше ASYL_or қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2017-07-19]