"KEGOC" АҚ KZP02Y15F289 (KZ2С00003978, KEGCb2) облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

19.07.17 17:02
/KASE, 19.07.17/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 19 шілдесіндегі "KEGOC" АҚ (Астана) KZP02Y15F289 (KZ2С00003978; 1 000 теңге, 36,3 млрд теңге; 15 жыл, жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу қорытындысы бойынша анықталады, 30/360) облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағалы қағаздарды 2016 жылдың 04 мамырындағы мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес, "KEGOC" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы аясында саны 83,8 млрд теңге және KASE листингілеу процедурасынан өткен, аталмыш эмитенттің ішкі облигацияларының төртінші шығарылымы болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше KEGCb2 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигацияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2017-07-19]