"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Қазақстан-Венгрия тікелей инвестициялар қорының Ақтөбе облысында жылыжай кешенінің құрылысына инвестиция салғаны туралы хабарлады

12.10.17 10:37
/KASE, 12.10.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), төмендегі ақпараттық хабарламаны ұсынды: цитата басы "ҚазАгро" ұлттық холдингінің Венгрияның "Эксимбанк" және CCL Capital басқарушы компанияның қатысуымен құрылған Тікелей инвестициялардың Қазақстан-Венгрия қоры Ақтөбе облысында құны 12 млн.АҚШ долларының жоғары технологиялық жылыжай кешені құрылысы бойынша жобаға инвестиция салды. CCL Capital атап өтілгендей, жылыжай кешенінің құрылысы үш жыл бойы кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. Жоба KUBO Group (Нидерланды) компаниясының Ultra Clima бесінші буынның технологияларын пайдалану арқылы жартылай жабық жылыжай тұрғызуды болжайды. Мамандардың бағалауы бойынша, Ultra Clima технологиясы базасындағы кешендер дәстүрлі жылыжайларға қарағанда орташа 20%-ға тиімдірек. Жобамен жалпы алаңы 20 гектар жылыжай кешенінің төрт блогының құрылысы қарастырылған. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_121017_kz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2017-10-12]