"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
10.10.17 09:35
/KASE, 10.10.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана, бұдан
әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің
2017 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C48830018 жай акцияларының жалпы саны 502 040 458
дана;
- компанияның 496 113 720 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ болып
табылады.
[2017-10-10]