Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "ШалкияЦинк ЛТД" АҚ акцияларын 2017 жылдың 13 қаңтарынан 12 шілдесіне дейін орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

21.09.17 17:49
/KASE, 21.09.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ШалкияЦинк ЛТД" АҚ (Қызылорда обл,әрі қарай- компания), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк) 2017 жылдың 07 қыркүйегіндегі ескерту хатының көшірмесін ұсынды: - Ұлттық Банк компанияның акцияларын 2017 жылдың 13 қаңтарынан 12 шілдесіне дейін орналастыру қорытындысы туралы есебін бекітті; - 2017 жылдың 12 шілдесіндегі жағдайы бойынша компанияның 740 023 795 жай акциялары орналастырылды, оның жарғылық капиталы 28 108 876 000,00 теңге көлемінде қалыптастырылды. Аталмыш хатпен KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/SHZN/shzn_placement_results_240817_SHZN.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2017-09-27]