"Цеснабанк" АҚ "Бір белдеу, бір жол" бастамасының шеңберінде "Орталық және Шығыс Еуропадағы үздік жергілікті банк" атты Asiamoney марапатына ие болғаны туралы хабарлады

27.09.17 11:56
/KASE, 27.09.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Цеснабанк" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасының төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Цеснабанк Euromoney тобына кіретін Asiamoney мамандандырылған іскерлік басылымның Best Local bank in Central & Eastern Europe for BRI* (Belt & Road Initiative**) номинациясында жеңіске жетті. Asiamoney сыйлығы Азия аймағының қаржы индустриясындағы ең айтулы марапаттардың бірі болып табылады. Марапаттау рәсімі 26 қыркүйек күні ҚХР Пекин қаласында өтті. Биылғы жылы Asiamoney Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының дамуында елеулі рөл атқаратын банктерді белгілеуге арналған жаңа сыйлықты тағайындады. Осы жаһандық стратегия XXI ғасырдың ірі экономикалық бастамасы ретінде қабылданды. Asiamoney BRI елдері үшін қажетті қаржыландыруға қажеттіліктер ауқымы жобаларды қаржыландыру, валюталарды айырбастау, ақша қаражаттарын басқару арқылы банктерге жоғары әлеуетті іске асыруға мүмкіндік беретіндігін белгілейді. Басылымның пікірінше, бас офисі Астана қаласында орналасқан Цеснабанк экономикалық даму мемлекеттік бағдарламаларының стратегиялық серіктестігі ретінде танымал, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі болашақ жобаларда көшбасшылық орынға ие болуға барлық негіздері бар. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_reliz_270917_kz.pdf мекен- жайында жарияланған. [2017-09-27]