"АТФБанк" АҚ Алматы қаласында "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша алғашқы жобасын мақұлдағаны туралы хабарлады

26.09.17 16:37
/KASE, 26.09.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АТФБанк" АҚ (Алматы) төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Жаңа мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының бағыттарының бірі "Нұрлы жер" (әрі қарай – Бағдарлама) бір бағыты құрылысшы компаниялар үшін қарыздар бойынша мөлшерлемені мемлекеттік субсидиялау есебінен көппәтерлі тұрғын үй салуға ынталандыру болып табылады. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша Алматыда тұрғын үй кешені құрылысының жаңа жобасы "АТФБанк" АҚ-та (әрі қарай – АТФБанк, Банк) мақұлданды. Субсидиялау шартына 22 қыркүйекте қол қойылды. Қаржыландыру сомасы 8,8 млрд. теңгені құрайтын болады. Алматы қаласы Наурызбай ауданының Шұғыла ықшам ауданында жобаны іске асыру нәтижесінде жалпы ауданы 55063,12 ш.м. болатын 994 пәтерден тұратын 14 көпқабатты тұрғын үй салынады. Құрылысты 2018 жылғы 01 мамырда толығымен аяқтау жоспарланып отыр. Тұрғын үй кешенін салушы – "Тимус" ЖШС. Бағдарламаның шарттарына сәйкес пәтерлер 50%-ға дейін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі) арқылы өткізілетін болады. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/ATFB/atfb_reliz_260917_1.pdf мекен-жайында жарияланған. [2017-09-26]