/KASE, 28.06.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк),
2017 жылдың 31 шілдесінде сағат 11:00-де банк акционерлерінің кезектен
тыс жалпы жиналысы келесі күн тәртібімен болып өтетіні туралы биржаға
хабарлады:
1) банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін
бекіту;
2) банктің Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіліктерін мерзімнен
бұрын тоқтату туралы;
3) банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау;
4) банктің Директорлар кеңесінің өкілеттілік мерзімін анықтау;
5) банктің Директорлар кеңесі мүшелерін сайлау;
6) Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін атқарғаны үшін
сыйақылар мен өтемақылық төлемдердің мөлшері мен төлеу
шарттарын анықтау;
7) банкпен айрықша қарым-қатынастармен байланысты тұлғаларға
(тұлғаларда) ұсынылған (орналастырылған), активтерге қатысты
шарттары талап ету құқығынан бас тартуды қарастыратын, банк
мәмілелер жасасқаны туралы акционерлердің жалпы жиналысын
ескерту туралы сұрақты қарау.
Аталмыш жиналыс: Алматы қ., әл-Фараби д-лы, 34а. Осы жиналысқа
қатысушыларды тіркеу сағат 10:30-дан басталады.
Жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2017 жылдың
30 маусымындағы жағдай бойынша құрастырылады.
Кворум жиналмаған жағдайда банк акционерлерінің қайталама жиналысы
2017 жылдың 01 тамызында сағат 11:00-де жоғарыда аталмыш мекен-
жайда бөткезіледі.
Хабарламаның толық мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланған:
-
http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_120717_1.pdf – орыс
тілінде;
-
http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_120717_eng.pdf – қазақ
тілінде.
[2017-06-28]