"SKYBRIDGE INVEST" АҚ "КАЗТРАНСГАЗ" АҚ ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУДЫ БАСТАҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

19.09.17 14:58
/KASE, 19.09.17/ – "КазТрансГаз" АҚ (Астана) шығарылымға жоспарланып отырған еурооблигациялардың қазақстандық жетекші менеджері болып табылатын "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE) төмендегі хабарламаны ұсынды. Төменде аталмыш облигациялар параметрі, сондай-ақ, KASE "Skybridge Invest" АҚ және "Halyk Finance" АҚ ұсынған, Қазақстанда облигацияларды ұсыну тәртібі келтірілген. ... "SkyBridge Invest" АҚ Қазақстан қор биржасы (KASE) мүшелерінен "КазТрансГаз" АҚ (Эмитент) Еурооблигацияларын алғашқы орналастыруға қатысуға өтінім қабылдауды бастағаны туралы хабарлады. Инвесторлардан барлық өтінімдер KASE "Жазылым" жүйесі арқылы қабылданады. Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған нарығында әлеуетті инвесторларынан өтінім қабылдау бір уақытта шет ел мемлекетінің аумағында Еурооблигацияларды орналастыру бағасын анықтау жағдайында орналастырумен қатар басталады. Бірлескен менеджерлер мен бірлескен Букраннерлер: Citigroup Global Markets Limited, ING Bank N.V., London Branch, VTB Capital plc, және "SkyBridge Invest" АҚ KASE қазақстандық жетекші менеджері ретінде қатысады. Осы хабарламаның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1348573 мекен-жайында танысуға болады. [2017-04-19]