"Исткомтранс" ЖШС Еуропалық даму және қайта құру банкімен 25,0 млн АҚШ доллары көлемінде несие келісіміне қол қойғаны туралы хабарлады

25.08.17 11:42
/KASE, 25.08.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Исткомтранс" ЖШС (Алматы) биржаға ақпараттық хабарламасын жолдады: цитата басы ... Еуропалық даму және қайта құру банкімен 25 000 000 АҚШ доллары көлемінде несие келісімін жасау туралы. Мәміле Серіктестіктің Қадағалау кеңесінің дауыс беруі арқылы 22.08.2017 жылы № 7 хаттамамен мақұлданды. Серіктестіктің несие келісімін жасауға қажетті келісімі Серіктестікпен 2017 жылдың 22 тамызында алынды. цитата соңы [2017-08-25]