"АПК-Инвест" Корпорациясы" ЖШС KZP04Y05D984 (KZ2P00001787, APKIb7) облигациялары бойынша тұрақсыздық төлемін ескере отырып, оныншы купонды өтеуді кешіктеріп отырғаны туралы хабарлады

24.08.17 17:53
/KASE, 24.08.17/ – "АПК-Инвест" Корпорациясы" ЖШС (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE) 2017 жылдың 24 тамызында төмендегі туралы хабарлады: цитата басы Компания жасалған келісім-шарттар бойынша шет елдік серіктестерден алдын ала төлемдерді күтуде. Алайда, біздің серіктестердің қаржыларындыруды алу мерзімін кейінге қалдыруына байланысты, компания 2017 жылдың 05 қыркүйегіне дейін қаржылардың түсуіне қарай ағымдық міндеттемелер мен қарызды өтеу мерзімі кідіріп тұрғандығы туралы хабарлайды. Компания 09.08.17ж. Эмитент (ҰСН: KZP04Y05D984), екінші облигациялық бағдарлама аясында төртінші шығарылым облигациялары бойынша оныншы купондық сыйақы төлемін тұрақсыздық төлемін ескере отырып, жартылай төлегені туралы ескертеді. Ұстаушыларға аударылған төленген купондық сыйақы сомасы – 61 421 500,00 ... теңгені құрады. Төленген тұрақсыздық сомасы – 376 206,68 ... теңге. цитата басы [2017-08-24]