24 шілдеден бастап басқаруындағы "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ басқаруындағы "ӨРКЕН" АПИҚ KZPFN0043054 (KZPF00000066, ASYL_or) пайлары KASE ресми тізімінің аралас сауда-саттық алаңының "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторына енгізілді

21.07.17 17:12
/KASE, 21.07.17/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 19 шілдесіндегі шешімімен "ӨРКЕН" АПИҚ (Алматы) KZPFN0043054 (ISIN – KZPF00000066) пайлары KASE ресми тізімінің аралас сауда-саттық алаңының "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторына енгізілді. Листингілік комиссиясының бұл шешімі, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASEішкі құжатының 2.2 қосымшасы 5 тарауының 1 тармағында белгіленген шартты орындауына байланысты, 2017 жылдың 21 шілдесінен бастап өз күшіне енді. Аталмыш пайлардың биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. "ӨРКЕН" АПИҚ кастодианы "Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш пайларға ASYL_or қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы пайлар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/asyl_or мекен-жайында жарияланған. [2017-07-21]