2017 жылдың 15 тамызында "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ акционерлерінің кезектен тыс қайталама жалпы жиналысы өтеді

15.08.17 17:56
/KASE, 15.08.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында кворум болмауына байланысты жиналыс өтпегені туралы хабарлады. Акционерлердің кезектен тыс жалпы қайталама жиналысы 2017 жылдың 15 тамызында сағат 10:00 өтеді. (Алматы қ, 050059 Әль-Фараби даңғылы, 17/1, 5Б блогы, 18 - қабат)". [2017-08-15]