"Казкоммерцбанк" АҚ Банктің Директорлар кеңесінің Төрағасы етіп Арман Дунаевты сайлағаны туралы хабарлады

01.08.17 11:38
/KASE, 01.08.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), қазақстан қор биржасына төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы 2017 жылғы 1 тамыз, Алматы – "Казкоммерцбанк" АҚ (бұдан әрі – "ҚКБ" немесе "банк") Директорлар кеңесінің жаңа құрамы 31 шілдеде өткен бірінші отырыстың барысында бірауыздан тәуелсіз директор Арман Дунаевты ҚКБ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына сайлады. ҚКБ-ның Директорлар кеңесінің жаңа құрамы банк акционерлерінің 31 шілдедегі кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен сайланған болатын. Арман Дунаевпен бірге банктің басқару органына Сәуле Кішкімбаева, бас акционердің өкілі – Әлия Қарпыкова, тәуелсіз директорлар – Азамат Жолдасбеков пен Асқар Елемесов, сондай-ақ ҚКБ-ның басқарма төрағасы лауазымындағы Ульф Вокурка кірді. "Мен үшін бұл үлкен құрмет әрі жаңадан даму кезеңінде елдің жүйеқұрушы банктің бірінде Директорлар кеңесін басқару үлкен кәсібилікті қажет етеді. Мемлекеттің қолдауы мен банктің негізгі акционерін алмастыру шаралары банкте жинақталған көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта біздің алдымызда маңызды мақсат-міндет тұр ол - Қазкоммерцбанктің корпоративтік басқару жүйесін халықаралық үздік тәжірибелер мен Halyk Group қағидаттарына сәйкес келтіру және қаржы институты дамуының жаңа стратегиясын жасау", – деді өзі сөзінде Дунаев мырза. Арман Ғалиасқарұлы Дунаев – тәжірибелі әрі кәсіби қаржыгер, экономика ғылымдарының кандидаты. Мемлекеттік және жеке сектор, сондай-ақ қаржы нарығындағы жұмыс тәжірибесі мол. Тәуелсіз директор ретінде Halyk Group тобының бірқатар компанияларының Директорлар кеңесінің құрамына кіреді: "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ, "Halyk Finance" АҚ және "Халык-Life" АҚ. "Altyn Bank" АҚ ("Қазақстанның Халық Банкі" АҚ ЕБ) Директорлар кеңесін басқарады. цитата соңы [2017-07-31]