"Estate Management Company" АҚ өз акционерлерінің құрамы өзгергені туралы хабарлады
19.07.17 11:41
/KASE, 19.07.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Estate Management Company" АҚ (Алматы), биржаға
"2017 жылдың 14 шілдесіндегі Қоғам акционерлерінің тізілімінен үзінді
көшірмесіне сәйкес орналастырылған артықшылықты акцияларының
3 000 000 данасына "Проблемалық несиелер қоры" АҚ иеленді" деп
мәлімдеді.
[2017-07-19]