"Ертіс-Полиметалл" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

10.07.17 09:24
/KASE, 10.07.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Ертіс-Полиметалл" АҚ ("Ертіс-Полиметалл" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C60280019 жай акцияларының жалпы саны 1 000 000 дана; - компанияның 213 579 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "КАРАВАН РЕСОРСИЗ ЛТД" ЖШС болып табылады. [2017-07-10]