"Estate Management Company" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

10.07.17 09:23
/KASE, 10.07.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Estate Management Company" АҚ ("Estate Management Company" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1С60350010 жай акцияларының жалпы саны 1 200 000 000 дана, KZ1P60350116 артықшылықты акциялар саны – 100 000 000 дана; - компанияның 30 000 000 жай акциялары және 3 001 000 артықшылықты акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "БТА Банкi" АҚ болып табылады, оның меншігінде 33 000 000 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 100,00%) соның ішінде компанияның 30 000 000 жай акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 100,00%) және 3 000 000 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 99,97%) бар. [2017-07-10]