"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ "Казкоммерцбанк" АҚ жай акцияларының 96,81 % сатып алуды аяқтағаны туралы хабарлады

05.07.17 14:27
/KASE, 05.07.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына 05 шілдедегі келесі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (ары қарай -"Халық банк") 2017 жылғы 15 маусымда Рақышев Кеңес мырзаның (86.09%) және және Ұлттық Әл-ауқат Қоры "Самұрық-Қазына" АҚ (ары қарай - "Самұрық-Қазына") (10.72% сәйкесінше) жалпы алғанда Қазкоммерцбанк (ары қарай - "Қазкоммерцбанк") 96.81% жай акцияларын сатып алу-сату бойынша мәміле өз мәресіне жеткендігін хабарлайды. Мәміленің аяқталуы алдын ала бірқатар шарттар орындалғаннан кейін өз мәресіне жетті, соның ішінде: • Халық банк және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (ары қарай – Ұлттық банк) тарапынан кешенді тексерістің жүргізілуінің аяқталуы • Субханбердин мырза және Орталық-Азия Инвестициялық Компаниясы иелік ететін Қазкоммерцбанк АҚ акциялар пакетін Рақышев мырза сатып алуы • Қазкоммерцбанк алдындағы БТА Банкінің толық қарызының өтеуі • Қазақстандағы тиісті реттеуші органдар және белгілі бір басқа да құзіретті орындардан стандартты реттеуші мақұлдамасын алуы • 2014 жылғы келісім бойынша Қазкоммерцбанк АҚ "Самұрық-Қазына" АҚ алдындағы БТА АҚ акциялары үшін 41 млрд. теңге қарызын өтеуі. Осыған дейін хабарлағандай, ҚРҰБ келісімімен Халық банк Казкоммерцбанктің меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін салыстыруға болатын қазақстандық банктер ұстанатын мәндерге сай келтіру үшін Казкоммерцбанкті 185 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыратыны жоспарлануда. Халық банкі Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова өз пікірін білдірді: «Еліміздегі кең филиалдық желісі, көлемі ауқымды клиенттік операциялары бар ірі қаржы институтын иелену бойынша мәмілені сәтті аяқтау Халық банк командасы және оның кеңесшілерінің үйлесімді жұмысының нәтижесі болып табылады. Ауқымды мәміле бойынша көптеген тараптар қатысты, оның ішінде Ұлттық банк, Қаржы Министрлігі, "Самұрық-Қазына" АҚ. Бұл ретте айта кету керек, Халық банк Қазкоммерцбанк АҚ кешенді тексеру бойынша жан-жақты теңдесі жоқ бірегей жұмыс ұйымдастырғандығы мәміленің сәтті аяқталуына жетеледі. Қазкоммерцбанктің жаңа менеджменті алдына акционерлердің тарпынан әзірлеу және жүзеге асыру, Halyk Group шеңберінде банктің даму стратегиясын құру міндеттері қойылды, бұл әрекеттердің барлығы топ деңгейінде өсуі мен акионерлік құнның жоғарылауын қамтамасыз етеді. Біз ИТ-технология саласын дамытуды жалғастырып, клиенттерді кредиттеуді қайта бастап және Казкоммерцбанк кәсіби кадрларды сақтап қалуға, клиенттік сервистің сапасын жақсартуға бар күш-жігерімізді саламыз». Halyk group туралы Қазақстандағы жетекші қаржылық топ, бөлшек сауданы қоса алғанда, шағын және орта бизнес, корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік және активтерді басқару сынды әртүрлі сегменттерде қызмет атқарушы. 5,201.1 млрд. тенгеге тең активтерді иелене отырып, Халық банкі жеке меншік капиталы және активтер мөлшері бойынша коммерциялық банк болып табылады. Halyk group сондай-ақ Ресейде, Грузияда және Қырғызстанда қызмет атқарады. Халық банк 1998 жылдан бастап Қазақстан Қор Биржасында және 2006 жылдан бастап Лондон Қор нарығында құнды қағаздар қатарына қосылды. Халық банкі ірі клиенттер базасы мен таралу желісі – еліміз бойынша 506 филиал мен бөлімшелері бар. Досбол Арыстанбеков, «Қазақстан Халық банкі», PR-қызметі: тел. +7 727 2 590 295, 8 702 589 06 31, pr@halykbank.kz www.halykbank.kz цитата соңы [2017-07-05]