08 МАУСЫМДА ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА "КТЖ ФИНАНС" БАҚ RU000A0JZS34 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛЫМ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

30.06.17 12:42
/KASE, 08.06.17, 02.06.17 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) 2016 жылдың 08 маусымында KASE сауда-саттық жүйесінде ) АО "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) кепілдігімен шығарылған "КТЖ Финанс" БАҚ RU000A0JZS34 халықаралық облигацияларына жазылым жүргізу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілетіні туралы хабарлайды. Аталмыш акцияларға жазылым барысында сатушы ретінде Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, бұдан әрі – Сатушы) өкілденген. Орналастырылатын облигациялардың саны өтінімдерді жинақтау аяқталған соң анықталады. Аталмыш акциялардың орналастыру бағасы – бір аоблигацияға 1 000 рубльді құрайды. Жазылым шегінде өтінімдерді қабылдау 2016 жылдың 08 маусымында жұмыс күндері, алматы уақытымен сағат 13:00-ден 16:00-ге дейін. Жазылым кезіндегі бағалы қағаздың коды – TMJLe5. Жазылым шегінде, KASE сауда- саттық жүйесіне жабық әдіспен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінім көлемінің минималды көлемі – бір облигация, өтінімде баға ретінде, жылдық пайыздық мәні екінші белгіге дейін үтірден кейін дәлдікпен көрсетілген, купондық мөлшерлеме көрсетіледі. Сатушыға биржамен қабылданған өтінімдер тізілімін беру күні – 2017 жылдың 08 маусымы; Сатушының биржаға қанағаттырылған өтінімдер тізілімін беру датасы – 2017 жылдың 09 маусымы; есептесулерді жүзеге асыру датасы – 2017 жылдың 13 маусымы. Есеп айырысуларды "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Бағалы қағаздардың сатып алушылары бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарий" АҚ 2017 жылдың 13 маусымында алматылық уақытпен сағат 09:00-ге дейін шоттарында болуын қамтамасыз етуі тиіс. Жазылымға қатысуға өтінімдерді биржаға "қор" санаты бойынша KASE мүшелері арқылы беруге болады. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/ru/membership мекен-жайында жарияланған. Жазылым өткізу шарттарына сәйкес, аталмыш акциялардың эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпараттың тізіміне келесідей мәліметтер кіреді: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлға болып табылатын инвестордың толық атауы; 2) азаматтығы немесе, заңды тұлға соның заңнамасына сәйкес тіркелген, мемлекет; 3) Сатып алушының өтінімінде көрсетілген ақпараттың дұрыстығына жауапкершілігі сатып алушының мойнында. 4) Нарықтық өтінімдер жазылым бастамашысымен толық көлемде қанағаттандырылады. 5) Төлем нысаны – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төлем күніне белгілеген (мәміле жсау күні) ресей рубльінің теңгеге ресми бағамымен сәйкес төленеді. Бағалы қағаздарға жазылым өткізу ережелері KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланған. Новость KASE о государственной регистрации выпуска международных облигаций ООО "КТЖ Финанс" опубликована на интернет-сайте KASE по адресу http://www.kase.kz/news/show/1336364 [2017-06-08]