"ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ" БАНКТІҢ ІРІ АКЦИОНЕРЛЕРІ "КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫМЕН САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНА ҚОЛ ҚОЙҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

15.06.17 15:55
/KASE, 15.06.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2017 жылдың 15 маусымында баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Бұл хабарламамен ««Қазақстанның Халық Банкі» АҚ (әрі қарай- «Халық банкі») бүгін К.Х.Рақышев мырза мен «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ («Халық банкі») арасында, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ-ы («Самұрық-Қазына») мен Халық банкі арасында сату-сатып алу келісімшарттарына қол қойылғаны жөнінде хабарлайды және осы шартқа сәйкес К.Х.Рақышев мырза мен Самұрық-Қазына қоры өздеріне тиесілі Қазкоммерцбанктің акциялары пакетін Халық банкіге әр пакетін 1 теңгеге сататын болды. Аталған сату-сатып алу келісімшарттарына қол қою 2017 жылғы 2 маусымда ҚР Үкіметімен, ҚР Ұлттық Банкпен, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, Халық Банкі, «БТА Банк» АҚ және Қазкоммерцбанк пен К.Х.Рақышев мырзамен қол қойылған Шекті Келісіммен қарастырылған. Осы Мәміленің аяқталуы алдын-ала қарастырылған бірқатар шарттардың орындалуына байланысты, олар: - «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның «БТА Банк» АҚ-нан жекелеген активтері мен талап ету құқығын сатып алуы; - БТА Банктің Қазкоммерцбанк алдындағы 2,4 трлн теңге шамасында ссудалық берешегін өтеуі; - Н.С.Субханбердин мырзаға және «Орталық-Азия инвестициялық компаниясы» АҚ-на тиесілі Қазкоммерцбанктің акциялар пакетін К.Х.Рақышев мырзаның сатып алуы және кейін оларды Халық банкіге сатуы; - Қазақстанда бақылаушы органдардан стандартты және қолданылатын өзге де заңды рұқсаттарды алуы. Мәміле жабылған соң Халық банк 96,8% үлесімен Қазкоммерцбанктің негізгі акционері болады. Аталған Мәміле 2017 жыл ішінде аяқталады деп күтілуде. цитата басы Баспасөз-хабарламасы KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_150617_kaz.pdf мекен- жайында жарияланған. [2017-06-15]