"Фридом Финанс" АҚ 2017 жылдың 09 маусымында "Астана Банкі" АҚ IPO-ға шығуына арналған роуд-шоу өткізетіні туралы хабарлады

07.06.17 15:01
/KASE, 07.06.17/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын "Фридом Финанс" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына ақпараттық төмендегідей хабарлама ұсынды: цитата басы "Фридом Финанс" АҚ "Астана Банкі" АҚ IPO-ға шығуына арналған роуд- шоуға шақырады. Орналастыру көлемі 2,5 млрд. теңгені құрайды. Өтінімдер кітабын ашу 2017 жылдың 12 маусымында болады. Өтінімдер кітабы KASE жазылым аясында қол жетімді. "Фридом Финанс" АҚ андеррайтер болып табылады және аталмыш бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкері болады. Қосалқы андеррайтері "Асыл- Инвест" АҚ болып табылады. Аталмыщ әс-шара аясында біз сіздермен осы жоба туралы ақпаратпен бөлісеміз, "Астана Банкі" АҚ акцияларын сатып алу себептерін айтамыз. Спикерлер сіздердің сұрақтарыңызға жауап береді. СПИКЕРЛЕР: - Тимур ТУРЛОВ – "Фридом Финанс" АҚ бас директоры - Сакен УСЕР – "Фридом Финанс" АҚ корпоративтік қаржы департаментінің директоры - Асқар ТАШТИТОВ – "Фридом Финанс" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі - Нұрлан РАХИМБАЕВ – "Асыл-Инвест" АҚ басқармасы төрғасының орынбасары - Мұхтар ЖАНҒАБЫЛОВ – "Астана Банкі" АҚ басқарушы директоры - Тимур АГДАВЛЕТОВ – "Астана Банкі" АҚ қазынашылық директоры Уақыты, күні, 2017 жыл 9 шілде, 15:00 – 17:00 Место: Intercontinental, Алматы қ, Желтоқсан көш 181, Абылай-хан залы Тіркеу: жауап хат жіберу немесе мына номерге 7555 хабарласу арқылы тіркелуге болады. цитата соңы [2017-06-07]