"Қазақстан Даму Банкі" АҚ KZP01Y07F510 (KZ2C00003911, BRKZb8) и KZP02Y05F512 (KZ2C00003903, BRKZb8) облигациялары Қазақстан қор биржасында "мемлекеттік сыңайлы сектордың субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

30.05.17 16:22
/KASE, 30.05.17/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 20106 жылдың 30 наурызындағы шешімімен "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана) келесі облигациялары KASE ресми тізімінің "мемлекеттік сыңайлы сектордың субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша енгізілді: - KZP01Y07F510 (KZ2C00003911; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 7 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы арнайы мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады, 30/360); - KZP02Y05F512 (KZ2C00003903; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 5 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы арнайы мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады, 30/360). Аталмыш шешімнің өз күшіне ену датасы туралы, аталған эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасының шарттары орындағаннан кейін, қосымша хабарланады. Аталған облигациялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен 2017 жылдың 30 мамырында жалпы сомасы 150,0 млрд теңгеге тіркелген, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ облигациялық бағдарламасының бірінші шығарылымдары, сәйкесінше KASE листинг рәсімінен өткен, аталмыш эмитенттің ішкі облигацияларының сегізінші және тоғызыншы шығарылымы болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушылардың өкілі "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. "Амангелді Газ" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Казкоммерц Секьюритиз" ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға тиісінше BRKZb8 және BRKZb9 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпараттар Листингілік комиссияның шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады. [2017-05-30]