"СевКазЭнерго" АҚ өзінің KZ2C0Y01F426 (KZ2C00003846, SKENb2) облигациялары бойынша купонын төлегені туралы хабарлады

30.05.17 10:30
/KASE, 30.05.17/ - "СевКазЭнерго" АҚ (Петропавловск) 2017 жылдың 29 мамырында өзінің KZ2C0Y01F426 (KZ2C00003846, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, SKENb2) облигациялары бойынша купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері жиырма алты миллион алты мың бес жүз теңгені құрады. [2017-05-30]