"КазАзот" АҚ 27,2 млрд теңге көлеміндегі мүлікті кепілдікке бергені туралы хабарлады

30.05.17 10:17
/KASE, 30.05.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазАзот" АҚ (Ақтау), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2017 жылдың 25 мамырында өзінің 27 186 534 454,00 теңге қаражатын кепілдікке бергені туралы хабарлады. Ұсынған ақпаратқа сәйкес кепілдікке беретін мүлікті бағалаудың соңғы күні – 2017 жылдың 10 сәуірі, активтердің жалпы құнына мүлік құнының қатынасы – 38,79 %. [2017-05-30]