"Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес Банкі АҚ KZP02Y03Е650 (KZ2C00003887, HCBNb3) облигациялары KASE листинг процедурасынан "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша өтті

25.05.17 12:03
/KASE, 25.05.17/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 24 мамырындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес Банкі АҚ (Алматы) KZP02Y03Е650 (KZ2C00003887; 1 000 тенге, 10,0 млрд тенге; 3 года; жартыжылдық купон, жылдық 15,00 %; 30/360) облигациялары енгізілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде 2014 жылдың 30 қаңтарында жалпы сомасы 50,0 млрд теңгеге тіркелген, "Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес Банкі АҚ екінші облигациялық бағдарламасының аясында екінші болып табылады, KASE листинг процедурасынан өткен аталмыш эмитенттің "ішкі" облигацияларының үшінші шығарылымы болып табылады. "Компания Фаэтон" ЖШС негізгі қызметі – жеке немесе жалға алатын жылжымайтын мүлікті жалға алу және пайдалану болып табылады. Аталмыш облигациялардың қаржылық кеңесшісі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше HCBNb3 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады. [2017-05-25]