"KEGOC" АҚ KZP01Y15F281 (KZ2C00003572, KEGCb1) облигациялары бойынша екінші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық – 10,60 %

23.05.17 14:40
/KASE, 23.05.17/ – Қазақстан қор биржасына (KASE) "KEGOC" АҚ (Астана) хабарлағандай, оның KASE ресми тізіміне енгізілген KZP01Y15F281 (KZ2C00003572, KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты, KEGCb1) облигациялары бойынша екінші купондық кезеңге (2017 жылдың 26 мамырынан 2018 жылдың 25 мамырына дейін) сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10,60 % көлемінде белгіленді. [2017-05-23]