2017 жылдың 22 мамырынан бастап, KASE сауда-саттық жүйесінде және мәліметтер базасында "Исткомтранс" ЖШС XS0918292151 (ECTRe1) облигациялары бойынша ҰСН, сыйақы мөлшерлемесі және айналым мерзімі туралы ақпарат өзгертілді

22.05.17 11:59
/KASE, 22.05.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2017 жылдың 22 мамырындағы шешімімен KASE сауда-саттық жүйесі мен мәліметтер базасында XS0918292151 ( KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, ECTRe1; $100,0 млн; 22.04.13 – 22.04.18; жартыжылдық купон, жылдық 7,75 %; 30/360); "Исткомтранс" ЖШС (Алматы) облигациялары бойынша төмендегі ақпараттар өзгертілді: - Облигациялардың айналым мерзімі бес жылдан тоғыз жылға өзгіртілді; - Сыйқа мөлшерлемесі жылдық 7,75 % -дан 8,00 % -ға өзгертілді; Аталмыш шешім KASE интернет-сайтында жарияланған http://www.kase.kz/files/emitters/ECTR/ectrf9_ECTRe1.pdf аталмыш облигациялардың шығарылым шарттары негізінде қабылданды. Басқарманың 2017 жылдың 22 мамырындағы осы шешімімен облигациялар номиналдық құнынан пайызбен көрсетілген, "таза емес" бағамен (жинақталған сыйақыны ескере отырып) сауда-саттық режиміне айыстырылды. 2017 жылдың 22 қазанынан бастап, аталмыш облигациялармен сауда- саттық таза" бағамен жаңартылады. [2017-05-22]