"Интергаз Орталық Азия" АҚ USN45748AB15, US45867EAB20 (INCAe2) халықаралық облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

15.05.17 10:26
/KASE, 15.05.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2017 жылдың 03 мамырынан бастап "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана) USN45748AB15, US45867EAB20 (KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты; INCAe2; $600,0 млн; 14.05.07 – 14.05.17, жарты жылдық купон жылдық 6,375 %,, 30/360) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2011 жылдың 11 қарашасынан бастап "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздары" санатына, 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2012 жылдың 09 ақпанынан бастап ашылды. [2017-05-18]