"Компания Фаэтон" ЖШС KZP01Y07F486 (KZ2P00003874, FATNb1) облигациялары KASE листинг процедурасынан "өзге де бағалы қағаздар" санатына 28 сәуірінен бастап енгізілді

28.04.17 17:28
/KASE, 28.04.17/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 27 сәуіріндегі шешімімен "Компания Фаэтон" ЖШС (Алматы) KZP01Y07F486 (KZ2P00003874; 1 000 теңге, 4,5 млрд теңге; 7 жыл, жылдық 13,50 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2017 жылдың 28 сәуірінен бастап, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "Компания Фаэтон" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше FATNb1 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/fatn мекен-жайында танысуға болады. [2017-04-28]