"Компания Фаэтон" АҚ KZP01Y07F486 (KZ2P00003874, FATNb1) облигациялары KASE листинг процедурасынан "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша өтті

27.04.17 17:15
/KASE, 27.04.17/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 15 қыркүйегіндегі шешімімен KASE ресми тізімінің "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "Компания Фаэтон" АҚ (Алматы) KZP01Y07F486 (KZ2P00003874; 1 000 тенге, 4,5 млрд тенге; 7 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 13,50 %; 30/360) облигациялары енгізілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде 2017 жылдың 17 наурызында жалпы сомасы 7,5 млрд теңгеге тіркелген, "Компания Фаэтон" ЖШС бірінші облигацияларының аясында алғашқы болып табылады, KASE листинг процедурасынан өткен аталмыш эмитенттің облигацияларының алғашқы шығарылымы болып табылады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "Компания Фаэтон" АҚ негізгі қызметі – жеке немесе жалға алатын жылжымайтын мүлікті жалға алу және пайдалану болып табылады. Аталмыш облигациялардың қаржылық кеңесшісі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше FATNb1 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады. [2017-04-27]