"Halyk Finance" АҚ "EMEA Finance" журналының нұсқасы бойынша "Қазақстанның 2016 жылғы үздік инвестициялық банкі" номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылғаны туралы хабарлады

12.04.17 15:47
/KASE, 12.04.17/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын "Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыптамада – "Halyk Finance" АҚ), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы Әйгілі әрі беделді халықаралық "EMEA Finance" журналы (www.emeafinance.com) жыл сайын өтетін "Europe Banking Awards 2016”атты халықаралық үздік инвестициялық банктерді мұқият іріктеу нәтижелері бойынша "Halyk Finance" АҚ (бұдан әрі – "Halyk Finance") "Қазақстанның 2016 жылғы үздік инвестициялық банкі" ("The Best Investment Bank in Kazakhstan 2016") болып танылды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Halyk Finance қатарынан 7-ші жыл осы беделді номинация марапаттарына ие болып келеді . Бұл қазақстандық инвестициялық нарықтағы банк қызметіндегі көп жылдық алдыңғы қатарда келе жатқандығын растайды. цитата соңы Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/HFIN/hfin_reliz_120417_3.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2017-04-12]